Жаңалықтар

Қазақстанда құны 1 млрд болатын мыс балқыту зауыты іске қосылады

Бұл туралы Мемлекет басшысының қатысумен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов мәлімдеді.

 Тау-кен металлургия саласын дамыту аясында Абай облысында құны $1 млрд болатын мыс балқыту зауытының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Олжас Бектенов сөзінше, кәсіорынның қуаттылығы экспортқа шығарылатын мыс концентратын  толықтай өңдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  

 «Qarmet» акционерлік қоғамы кезең-кезеңмен жоғары деңгейде өңделген сапалы металдар шығару, оның ішінде автомобиль жасауға қажетті болат өндіру көлемін ұлғайту үшін кәсіпорынды жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.

  Өткен жылдың өзінде компания автокөлік, және вагон құрастыруда, сондай-ақ тұрмыстық техника өндірісінде қолданылатын 25 мың тонна қоспалы болат өндірді. 

            Еліміздің курортты аймақтарында 3 әуежай салынады

  Қазақстанда танымал демалыс орындары үшін жаңа әуежайлар салынады. Бұл туралы Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер кабинетінің басшысы баяндады. Бектеновтің мәлімдеуінше, авиациялық инфрақұрылымы бар ұшу-қону жолақтары Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі аймақтарында салынады. Осылайша, үш курорттық аймақтың туристік әлеуетін толық ашу жоспарлануда.

  Бұдан басқа, көлік-логистикалық әлеуетті ашу мақсатында Ақтауда әуе хабын құру жобасы пысықталуда, «Мойынты – Қызылжар» теміржол желісі, сондай-ақ «Алтынкөл – Жетіген» учаскесінің екінші жолдары құрылысы басталады. Биыл «Достық – Мойынты» теміржолы мен Алматы қаласының айналма жолы құрылысы аяқталады деп күтілуде.