Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасы 20%-ға қымбаттайды
Тарифтің қымбаттауына не себеп?
Қазақстанда 2024 жылғы 1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20% қымбаттайды. Тарифтің өсуі 140 жолаушы тасымалының 62 бағытына әсер етеді. Көлік министрлігі бағаны көтеруді вагондар паркін жаңарту және пойыздардағы қызметті жақсарту үшін қажет деп түсіндірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Курсив сайтының жазуынша, елімізде 140 жолаушы бағыты жұмыс істейді, оның 62-сіне жол жүру ақысының қымбаттауы әсер етеді.
Ведомство соңғы 10 жылда әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасының өсуі байқалмағанын (инфляция деңгейіне индекстеуді қоспағанда) атап өтті. Қазақстандағы вагондар паркі 2667 бірлікті құрайды. Олардың тозуы 44%-ға жетеді.
2024 жылдың басында «Қазақстан темір жолының» қарызы 2,9 трлн теңгені құрады. Егер компания өз міндеттемелерін арттыра берсе және оларға қызмет көрсете алмаса, бұл оның дефолтына әкеледі. Бұл туралы Жоғарғы есеп палатасының төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді