Қазақстанда соңғы қоңырау күні ауысты

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Биыл елімізде соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасы өтетін уақыт өзгертілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24-мамыр күндері өткізіледі.
Еліміз бойынша биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы қорытындылайды. Екі жүз он жеті мыңнан астам он бірінші сынып оқушысы мектеп бітіреді,
Өткен жылдағыдай, соңғы оқу күні - 23 мамырда еліміздің барлық мектептерінде "Білімім - Отаныма" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді.
Бұл - бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды шара, оқушылар мен ұстаздар оқу жылын қорытындылап, ең маңызды әрі қызықты сәттерді бірге еске алады.