Жаңалықтар

Қазақстанда Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылуы мүмкін

Қазақстанда Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылуы мүмкін

Норма бүгін, 7 қыркүйекте Мәжіліс отырысында қаралатын "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген. "1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылды", - делінген Мәжілістің бейінді комитетінің қорытындысында. Сонымен қатар, депутаттарға 25 қазанды мемлекеттік мереке – Республика күні деп белгілеу, сондай-ақ 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу ұсынылып отыр.