Қазақстанда тағы бір қызметті онлайн алуға болады
Бұл жаңашылдық мемлекеттік қызметті алу мерзімін қысқартуға, азаматтардың шығындарын азайтуға, сондай-ақ процестің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік корпорация «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-мен бірлесіп, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті онлайн режимінде көрсетудің пилоттық жобасын іске қосты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz "Азаматтарға арналған үкіметке" сілтеме жасап.