Қазақстанда техникалық талаптарға сай келмейтін қара шайларға тыйым салынды
Қаулы оған қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
Уақытша санитарлық шараларды енгізу туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы қаулысы қабылданды, деп хабарлады Jambylinfo.kz elordainfo.kz сілтеме жасап.
Қаулыға сәйкес, Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін шайдың төмендегі түрлерін әкелуге және өткізуге тыйым салынады:
1) «Апамның шәйі Premium gold» түйіршіктелген қара шайы, «Orda Trade Astana» ЖШС қаптамалаған, Қазақстан Республикасы Алматы облысы,
Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Достық көшесі, 4 Г;
2) «Al-Hayat» Golg қоспалары бар қара шайы, өндірушісі «Empire KENIY E.P.Z. Limited», Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы,
Көкөзек ауылы, 751/2 учаскесі;
3) «БАЛҚИЯ Premium gold» түйіршіктелген қара шайы, «Аль-Хадия» ЖК қаптамалаған, Қазақстан Республикасы Алматы қаласы, Алмалы ауданы,
Дүйсенов көшесі, 25;
4) «Pakistan tea» түйіршіктелген қара шайы, өндірушісі «Real Trade Astana» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 27;
5) «Alfarah» түйіршіктелген қара шай, өндірушісі көрсетілмеген;
6) «Aje Onim» түйіршіктелген қара шайы, өндірушісі «Орда Чай» ЖК, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша;
7) «Орда Кения» қара шайы, өндірушісі және қаптамалаушысы «Orda Trade Astana» ЖШС, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Достық көшесі, 4 Г;
8) «Аль-Кайрат шәйі Premium gold» түйіршіктелген қара шайы, өндірушісі «Orda Trade Astana» ЖШС, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Достық көшесі, 4 Г;
9) «Al-Jannat Premium» түйіршіктелген қара шайы. «Ferdaus» ЖШС өлшеп-орап, қаптамалаған, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Дүйсенов көшесі, 25/159;
10) «Sultan Suleyman» түйіршіктелген қара шайы, өндірушісі «Real Trade Astana» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 27.