Жаңалықтар

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі ресми мәліметтен жоғары болуы мүмкін

Halyk Finance сарапшыларының пікірінше, елдегі жұмыссыздар саны ресми көрсеткіштерден асып түсуі ықтимал

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Соңғы бірнеше жылда елдегі ресми жұмыссыздық деңгейі 5% төңірегінде тұрақты сақталып келеді. Алайда баламалы есептеу әдістері шынайы көрсеткіштің бұдан жоғары екенін аңғартады. Осыған байланысты гендерлік, жас ерекшеліктері мен өңірлік теңсіздіктерді ескеретін жаңа сараптамалық тәсілдерді енгізу маңызды», – дейді мамандар.

Ресми деректерге сүйенсек, жұмыссыздық әйелдер арасында (5,1%) ерлерге қарағанда (4,2%) жиі кездеседі.

Сарапшылардың айтуынша, қолданыстағы есептеу әдістерінде NEET санатына жататын жастар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен «жасырын жұмыссыздар» толық қамтылмайды.