Жаңалықтар

Қазақстанда заңсыз неке қиятын имамдарды 8 жылға дейін соттау ұсынылды

Мәжілісте депутат Мұрат Әбенов заңсыз қиылатын діни некелер тақырыбын көтерді.

Депутат осындай рәсімдердің кесірінен әйелдер мен қыздардың құқығы жиі бұзылатынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Мұрат Әбеновтың айтуынша, заңсыз, діни тұрғыдан қиылған неке мәжбүрлі неке мен зорлық-зомбылықты жасыру үшін қолданылады. 

Енді ол жаңа Конституция қабылданғаннан кейін нормаларды қатаңдатуға мүмкіндік бар деп санайды.

Ұсыныстар қатарында заңсыз неке қиятын имамдар мен басқа тұлғаларға:

5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік енгізу;

Зорлауды аса ауыр қылмыстар санатына көшіру және ең жоғарғы жазаны 15 жылға дейін ұлғайту бар.

Бұған дейін Түркістан облысында сөз байласқан жігіті бар қызды алып қашып күш көрсеткендердің сол күйі жауапқа тартылмағаны туралы жазған едік.