Жаңалықтар

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке пайда болды

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

  Биылдан бастап 29 қазан ресми түрде кәсіби мереке - Қазақстан кәсіпкерлері күні болып белгіленді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті бұйрығына 2025 жылғы 30 шілдеде қол қойылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл күнді таңдау маңызды тарихи оқиғаға байланысты. 2015 жылғы 29 қазанда бизнесті қолдау жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясаттың базалық қағидаттарын қалыптастыра отырып, кәсіпкерлік, инвестиция, бәсекелестік және мемлекеттік бақылау саласындағы негізгі заңнамалық актілерді шоғырландырған Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қабылданды.

Бүгінде 2,3 млн-нан астам бизнес субъектісі тіркелген. Жыл басынан бері 288 миллиард теңгеге 2 мыңнан астам жоба субсидияланып, 61 миллиардқа 737 жобаға кепілдік берілді. 9 мыңға жуық кәсіпкер оқытудан өтті.