Қазақстанда жеке куәлік өзгереді
Қазақстанда жеке куәлік дизайны өзгереді
Жеке куәліктің беткі жағына куәлік иесінің жынысы мен азаматтығы енгізіледі, деп хабарлайды jambylinfo.kz Orda.kz порталына сілтеме жасап.
«Қазақстан азаматының жеке куәлігінің беткі жағында фотосы, қолы және дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады. Ал артқы жағында штрих код түрінде кодталған ЖСН, микросхеманың байланыс бөлігі мен қазақ және орыс тілдерінде туған жері, ұлты, азаматтығы көрсетіледі», — делінген құжатта.
Жоба 2024 жылдың 21 мамырына дейін талқыланады.