Қазақстандық ауыратлет Айзада Мүптілда Азия чемпионы атанды
Қазақстандық ауыратлет Айзада Мүптілда Азия чемпионы атанды
Қазақстандық ауыратлет Айзада Мүптілда Азия чемпионы атанды, - деп хабарлайды "Jambylinfo" Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бахрейн астанасы - Манама қаласында өтіп жатқан құрлықтық додада Айзада Мүптілда әйелдер арасында 87 келі салмақта сынға түсті. Қос сайыстың қорытындысы бойынша ол 277 келіні (жұлқуда - 120, серпуде 157 келі) бағындырды. Осылайша, Азия чемпионы атанды. Бұл салмақта қола медаль тағы бір қазақстандық Любовь Ковальчукке бұйырды. Еске салайық, бұдан бұрын ел құрамасынан Зүлфия Чиншанло мен Асылжан Бектай чемпион атанған болатын.