Жаңалықтар

Қазақстандық боксшы 70 секундтық жекпе-жек үшін қанша гонорар алды?

Қазақстандық боксшы 70 секундтық жекпе-жек үшін қанша гонорар алды?

Қазақстандық сарапшы Айдар Махметов Тұрсынбай Құлахметтің венесуэлалық Эбер Рондонмен өткізген жекпе-жегі үшін қанша гонорар алғанын айтты. «Боксшы Тұрсынбай Құлахмет кәсіби шаршы алаңдағы үшінші жекпе-жегі үшін 210 000 доллар алды. 70 секундқа жақсы табыс!», - деп жазды Махметов өзінің MakhmetovSport телеграм-каналында. Еске сала кетейік, Тұрсынбай Құлахмет өзінің қарсыласы Эбер Рондонды бар болғаны 70 секундта нокаутқа жіберген. Бұл жеңіс 27 жасар боксшының WBC International бойынша бірінші орта салмақта чемпион белдігін қорғап қалды.