Қазақстандық Дмитрий Патанин Бакудегі әлем кубогінде күміс жүлдегер атанды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Дмитрий Патанин Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс жүлдеге ие болды.
Гимнаст қоссырықтағы жарыста сәтті өнер көрсетті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Патанин төрешілердің шешімі бойынша 13,400 ұпай жинады. Бірінші орынды жапондық Казуки Мацуми (14,200 ұпай) жеңіп алды.
Үздік үштікті хорватиялық Петар Вефич (13,033 ұпай) қорытындылады.