Жаңалықтар

Қазақстандық мерген Италиядағы халықаралық жарыста қола жүлде алды

Қазақстандық мерген Италиядағы халықаралық жарыста қола жүлде алды

Қазақстандық мерген Италиядағы халықаралық жарыста қола жүлде алды Италияның Тодди қаласында стенд атудан Green Cup халықаралық турнирі өтіп жатыр. Аталған сында Қазақстан командасының өкілі жүлдегер атанды. Амалия Кудрявцева «skeet» жаттығуы бойынша өткен жасөспірімдер арасындағы сында қола медаль жеңіп алды. Бұл Амалияның ірі халықаралық сындардағы алғашқы жетістігі. 14 мамырда басталған жарыс 24 мамырға дейін жалғасады.