Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар қашан аттестат алады: Оқу-ағарту министрлігі нақты мерзімдерді атады

The final spritzer

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Республика мектептерінде негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды табыстау рәсімдері 18-20 маусым аралығында өтеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сонымен қатар, министрдің бұйрығымен 2024–2025 оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі және қорытынды аттестацияны өткізу тәртібі бекітілді.

9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді. Емтихан төрт міндетті пән бойынша жазбаша түрде тапсырылады.

11-сынып түлектері мемлекеттік емтихандарын 2025 жылғы 30 мамыр мен 16 маусым аралығында тапсырады. Олар бес пән бойынша емтихан тапсырады, оның бірі — ауызша.