Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылардың жобасы әлемнің ең үздік 100 инновациясының қатарына енді

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады

Атырау қаласындағы "Білім-инновация" лицейінің 11-сынып оқушылары Хайдар Атагулла мен Қайырхан Лұқпанов әзірлеген "Ақылды көзілдірік" жобасы әлемнің үздік 100 жобасы қатарына енді. Жоба Jasscience-2024 байқауының жеңімпазы болып, әлемдегі ең беделді бағдарламалардың бірі 100 Rise Global Winners 2024 тізіміне енгізілді, деп жазады Jambylinfo.kz

Нәтижесінде, жоба авторларының бірі Хайдар Атагулла әлемнің кез келген университетінде тегін оқу мүмкіндігіне ие болды.

Ал Қайырхан Лұқпанов жоба туралы әңгімелеп, алдағы жоспары туралы айтты