Жаңалықтар

Қазақстандық спортшы Әлем кубогында чемпион атанды

Қазақстандық Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Котбус қаласында (Германия) өтіп жатқан лицензиялық Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, Н.Құрбанов ат снарядындағы жаттығудан 15.433 ұпай жинап, алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Jambylinfo.

Күміс Иордания спортшысының (15.300 ұпай) еншісінде кетсе, Оңтүстік Корея (15.300 ұпай) өкілі қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл айтулы бәсекеге 80 елден 370 үздік спортшы жиналды.