Қазақстандықтар қаңтарда қанша күн демалады
Қаңтар айындағы мерекелерге дайындық басталып кетті.
2026 жылдың алғашқы күндерінде қазақстандықтарды бірден екі маңызды мереке – Жаңа жыл мен православ Рождествосы қарсы алады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2026 жылдың қаңтарында қазақстандықтар қанша күн демалады?
2025 жылғы 31 желтоқсан жұмыс күні болып есептеледі. Ал Жаңа жыл мерекесіне байланысты 1 және 2 қаңтар ресми мереке күндері ретінде белгіленген.
3 және 4 қаңтар сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді. Осыған орай, бес күндік жұмыс кестесімен еңбек ететіндер үшін 1 қаңтардан 4 қаңтарға дейін қатарынан төрт күн демалыс беріледі. Ал алты күндік жұмыс аптасында істейтін азаматтар үшін демалыс үш күнмен шектеледі.
5 және 6 қаңтар – жұмыс күндері. Ал 7 қаңтарда православ Рождествосына байланысты қосымша демалыс күні қарастырылған.
Нәтижесінде, 2026 жылдың қаңтар айында қазақстандықтар бес ресми мереке күнін және бес күндік жұмыс аптасы бойынша қосымша жеті демалыс күнін пайдалана алады.
Мұндай күнтізбе қаңтар айында қысқа саяхаттарды жоспарлауға, отбасымен уақыт өткізуге және қысқы демалысты тиімді ұйымдастыруға жақсы мүмкіндік береді.