Жаңалықтар

Қазақстандықтар наурызда 14 күн демалады

Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 5 күн қатарынан демалады.

Наурызда қазақстандықтар әдеттегі демалыс күндерінен басқа бірнеше мерекеде демалады: Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз); Наурыз мейрамы (21-23 наурыз). Биыл 8 наурыз жұмаға түседі. Яғни бес күндік жұмыс аптасындағы қазақстандықтар үш күн қатарынан 8, 9 және 10 күндері демалады, деп хабарлайды Jambylinfo.

Алты күндік жұмыс аптасы барлар тек 8 наурызда ғана демалыс алады және заңды демалыс күні – 10 наурыз.

Наурыз мейрамы Қазақстанда 3 күн – 21-23 наурыз аралығында тойланады. Биыл мерекелер бейсенбі, жұма және сенбі күндеріне сәйкес келеді. Бес күндік жұмыс аптасы бар қазақстандықтар 5 күн қатарынан – 21 наурыз бен 25 наурызды қоса алғанда демалады.

Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін демалыс 21-24 наурыз аралығында жалғасады. 25 (дүйсенбі) – жұмыс күні.