Жаңалықтар

Қазақстандықтар Республика күніне 3 күн демалады

Бұл туралы "Электрондық үкімет" порталында жарияланды

25 қазан – Республика күніне орай, қазақстандықтар 3 күн демалады деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Республика күніне байланысты қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 25, 26, 27 қазан күндері демалады.

Ал алты күндік жұмыс аптасымен есептегенде: 25 қазан - демалыс, 26 қазан - жұмыс күні, 27 қазан - демалыс.

Жалпы, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер қазан айында  9 күн демалады.