Жаңалықтар

Қазақстаннан Грузия мен Қытайға жаңа әуе рейстері ашылады

The final spritzer

Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Көлік министрлігі халықаралық әуе қатынасын кеңейту аясында қазақстандық әуе компаниялар Грузия мен Қытайға жаңа рейстерді іске қосады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Грузия бағыты:
27 мамырдан бастап Air Astana әуе компаниясы Атырау – Тбилиси бағытында тікелей рейстерді бастайды. Ұшулар аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері Airbus ұшақтарымен орындалады. Қазіргі уақытта Тбилисиге тікелей рейстер Алматы мен Ақтаудан ғана жүзеге асырылады.

Қытай бағыты:
28 мамырдан бастап SCAT әуе компаниясы Шымкент – Сиань бағытында тікелей рейстерді іске қосады. Ұшулар аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Қазіргі уақытта Сианьға тікелей рейстерді Қытай әуе компаниялары Алматы мен Астанадан жүзеге асыруда.

Жаңа рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.