Қазақстанның 4 өңірі ғана «жасыл» аймақта
Қазақстанның 4 өңірі ғана «жасыл» аймақта
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. 2021 жылдың 5 мамарындағы жағдай бойынша: «Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, сондай-ақ Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылордажәне Павлодар облыстары тұр. «Сары аймақта» Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан. «Жасыл аймақта» әзірге Түркістан, Қостанай, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары ғана тұр.