Жаңалықтар

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден озды

Қайығылы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді.

Көрнекті ақын, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  

Мұхтар Шаханов - қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан заңғар тұлға. Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлт руханиятына арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. Шығармалары әлемнің 50-ден астам тілінде жарық көрді.