Жаңалықтар

Қазақстанның үш аймағында төрт су қоймасы салынады

Үкімет отырысында 2024-2028 жылдарға арналған су шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары баяндалды.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов еліміздің үш аймағында биыл төрт жаңа су қоймасы салынатынын айтты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Сондай-ақ бірінші кезең аясында Жамбыл облысындағы Терс-Ащыбұлақ, Қарақоңыз және Түркістан облысындағы Көксарай контррегуляторы мен Қосқорған су қоймасын қайта жаңғырту жоспарланған.