Қазақстанның тағы бір облысы «Күнделік» жүйесінен бас тартты
Еліміз бойынша Қостанай облысы «Күнделік» жүйесінен бас тартып отырған екінші өңір
2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қостанай облысындағы барлық жалпы білім беру ұйымдарында BilimClass электронды журналы мен күнделігі модулі енгізіледі. Осылайша, өңір мектептерінде бұрын қолданыста болған «Күнделік» жүйесінен бас тартады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Aqshamnews.kz сайтының жазуынша,
«Қостанай облысының білім басқармасы мен «Bilim Land» ЖШС арасында биылғы шілде айында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, оқушыларға халықаралық зерттеулерге (PISA, TIMSS, PIRLS) дайындық кезінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және бағалау үшін Bilimcenter.kz модуліне тегін қолжетімділік беріледі. Мониторинг және біліктілікті арттыру курстарынан өткен кезде сертификаттау мүмкіндігі де қарастырылған. Басқарма платформаның жарнамасыз жұмыс істейтінін нақтылады.
Еске салайық, былтыр Актөбе облысының мектептері де BilimClass электронды күнделігіне көшкен болатын.