Қазақтың шенеуніктерін тойымсыз әйелдері жемқор етті
Қазақтың шенеуніктерін тойымсыз әйелдері жемқор етті
Бәріне әйел кінәлі! "Ері елдің қамымен жүргенде әйелдер өз қамына кіреседі" деген болжам рас па? Шенеуніктердің жемқор атануына бірден-бір себепкер – әйелі, дейді психологтар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі де бұл пікірді жоққа шығармайды. Бүгінде әлеуметтік желі тек пікір білдіру алаңына ғана емес, шенеуніктердің әйелдерінің үлде мен бүлдеге оранған, жарқыраған өмірін паш ететін алаңға да айналды. Олар қымбат көліктерін, шетелге саяхаттарын, гауһартаспен безендірілген бұйымдарын әлемжеліге жүктеп қана қоймай, күйеулері берген сыйлықтарын да дүйім елге паш етуде. Ал психологтар дәл осы қылығымен олар күйеулерінің пара алуына түрткі болады, дейді. Гүлбану Үмбетжанова, психолог:
Психолог Гүлбану Үмбетжанованың пікірін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жоққа шығармайды. Біреуі тойып секірсе, біреуі тоңып секіреді, дейді Расул Медетов. Расул Медетов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Серіктестік департаментінің директоры:
Одан бөлек, шенеуніктердің әйелдері бизнестерін дөңгелеткені де анықталды. Күні кеше Атырау облысында 184 шенеуніктің жұбайы кәсіпкерлікпен айналысқаны белгілі болды. Бірақ заң бойынша олар кәсіпкерлікпен айналыса алады. Дегенмен... Расул Медетов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Серіктестік департаментінің директоры:
Қоғам белсендісі Айша Құрманғали әйелдер ер азаматтардың артық қадам жасауына, заңбұзушылыққа баруына ықпал ететінін жасырмайды. Өйткені әйел адамның қызығушылығы, құрбылармен бәскелестігі жолдасына талап қоюына түрткі болады. Айша Құрманғали, қоғам белсендісі, журналист:
Қысқасы, әйел заты ер азаматының абыройын ойлауы тиіс. Ашкөздіккке, бәскелестікке бой ұрса, оның түбі жақсылыққа алып бармайды, дейді сарапашылар. zakon.kz