Жаңалықтар

Қазақ қызы Өзбекстан тарихында алғаш рет қыздар күресінен Олимпиадаға жолдама алды

The final spritzer

Қазақ қызы Ақтеңге Кеунимжаева 10 жылдан бері күреспен айналысып келеді

Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен олимпиадалық іріктеу турнирінде Өзбекстан құрамасы алғаш рет әйелдер күресінен Олимпиадаға жолдама жеңіп алды, -деп хабарлайды jambylinfo kz 1dol.kz сайтына сілтеме жасап. 

Атап айтсақ, 50 келіде күрескен Ақтеңге Кеунимжаева финалға жетті. Сөйтіп, әйелдер күресінен Өзбекстан тарихында Олимпиадаға лицензия алған алғашқы спортшы атанды.

24 жастағы спортшы Қарақалпақстанда дүниеге келіпті. Ол екі рет кадеттер арасында Азия чемпионатында қола жүлдегер болған (2014, 2015 жылдары). Жастар арасындағы әлем чемпионатының финалисі (2018). Азия біріншілігінің үш дүркін жүлдегері  (2019, 2020, 2023), 23 жасқа дейін Азия чемпионатының жеңімпазы. Азия ойындарының қола жүлдегері (2023), Ислам елдері ойындарының күміс жүлдегері (2022).

Ақтеңге Кеунимжаева жарыстан кейін қазақстандық журналист Телжан Күдеровке берген сұхбатында өзінің қазақ екенін, руы Әлім екенін айтқан.