Жаңалықтар

Азамат Сатыбалды басқаратын «Қазақфильм-нің» қызметкерлері бір жылдан бері еңбекақыларын ала алмай жүр

Анимация бөлімінің мамандарына 500 миллион теңге берешек бола тұра, басшылық анимация бөлімін жауып тастаған

Бір жылдан бері отандық аниматорлар   еңбекақысын ала алмай жүр. «Қазақфильм» киностудиясының президенті Азамат Сатыбалды бұл мәселеге қатысты түсініктеме бермей отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

Мамандардың бір жыл уақытын алған «Алтын адам» атты толық метрлі мульт жобасы былтыр толық аяқталған. 
Бірақ мемлекеттен бөлінген тиісті қаражат әлі күнге дейін қызметкерлерге берілмеген.

Ал "Қазақфильм» киностудиясының президенті Азамат Сатыбалды ұшты-күйлі жоқ. Jambylinfo. kz. тілшісі де қоңырау соқтық.Телефоны сөндірулі. Алайда орынбасары «Алтын адам» жобасы бойынша 88 миллион теңге қарызы бар екенін растаған.