Жаңалықтар

Азамат Сатыбалды диллер болып кеткен бе?

Азамат Сатыбалды диллер болып кеткен бе?

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм”  киностудияның аумағында соңғы күндері қытайлық көліктер қаптаған. Актер Қуандық Дүйсенбаев осыған наразылық білдіріп, мәселені көтерді, деп хабарлайды Жамбылинфо  КТК арнасына сілтеме жасап.

Киностудия басшысы Азамат Сатыбалды да әлеуметтік желіде қытай автокөліктерін жарнамалап жүргені белгілі. Көліктердің қапта тұруына рұқсат берген киностудия басшысы Азамат Сатыбалдының әрекеті әріптестерінің шымбайына батқандай. Актер Қуандық Дүйсенбаев алғашқылардың бірі болып әлеуметтік желіде үндеу жасаған. Шәкен Айманов атындағы қара шаңырақтың онсыз да хәлі мүшкіл кезде аумағын оңды-солды пайдалану қисынға келмейді деп күрсінеді.

Инстаграмында 700 мың оқырманы бар Сатыбалды қытай көліктерін сатып алуға қатысты соңғы уақытта жиі сторис салып, пост жариялап жүр.

Азамат Сатыбалды бос тұрған ғимаратты жалға бергенін растады. Алайда "ол көліктер сатылмайды, таксопаркке тиесілі" дейді. Мұндай қадамға баруына қарамағындағы 178 адамның жалақысын төлеуі түрткі дейді. Расында, киностудияның бюджеті тапшы екенін мойындады.

Алайда ол келісімшартқа отырған компаниядан "Қазақфильм" бюджетіне қанша ақша түсетінін жауапсыз қалдырды. "Заңға қайшы ешнәрсе жоқ" дейді.