Ажырасқан ата-ананы мүгедек баланың еміне жұмсалатын шығынды өтеуге міндеттеу керек — сарапшы

0 11

Ажырасқан жағдайда ата-ана мүгедек баласының ем-домына жұмсалатын шығынды бірдей өтеуі тиіс. Бұл туралы «Бақытты шаңырақ» қорының төрағасы Ботагөз Сұлтанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтын.

«Ажырасқаннан кейін ата-ана мүгедек балаға жұмсалатын шығынды өтеуге бірдей қатысуы керек. Яғни баланың еміне, оңалтуға қомақты қаражат керек. Ерлі-зайыптылар ажырысқаннан соң, көп жағдайда баланың күтіміне, ем-домына керек қаражат біреуінің ғана мойнына жүктеліп қала береді», — деді Б. Сұлтанова.

Бұдан бөлек ол отбасында күйеуінің немесе әйелінің рұқсатынсыз несиені онлайн алуға, онлайн қарыздар рәсімдеуге заңнамалық түрде тыйым салу керек екенін атап өтті. Сонымен қатар, ерлі-зайыптылардың жылжымайтын мүлікті сату бойынша нотариалды шарттар жасауы рәсімін ерекше қадағалауға алу керек.

Осы орайда ол қазіргі кезде елімізде күйеуінің немесе әйелінің мерзімі өткен несиесін өтеп жүрген жұптар өте көп екенін айтты. Зайыбының келісімінсіз күйеуі жылжымайтын мүлікті кепілге қоятын оқиғалар анықталған. Осының салдарынан мүгедек баласы бар баспанасыз қалған отбасылар кездесіп жатады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.