Жаңалықтар

Азия чемпионатында жерлесіміз Ержет Жарылқасын  алтын медаль еншіледі

Грек-рим күресінен 63 келі дәрежесіндегі қазақ балуаны Ержет Жарылқасын Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында белдесіп, жапондық спортшыны жеңді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Финалда  ол жапондық Аята Сузукимен күш сынасты. Нәтижесінде жеңіс жерлесіміздің пайдасына шешілді. 

Айта кетейік, бүгін Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келіге дейін) алтын медаль үшін күреседі. Сонымен қатар, Ибрагим Магомадов (77 келіге дейін) үшінші орынды сарапқа салады.