Жаңалықтар

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына күміс медаль түсті

Биатлоннан Қазақстанның ерлер құрамасы эстафета Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында биатлоннан соңғы жүлде жиынтығы өз иесін тапты,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазақстан ерлер командасы эстафетада мәреге екінші болып жетті.

Жарыста Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев квартеті Жапонияға есе жіберді.