Қазыналы қарттар құрмет құшағында

Наурызнама онкүндігі аясында Жамбыл облысында да тағылымы мол іс-шаралар ұйымдастырылды
Мысалы, бүгін Қайырымдылық күні деп белгіленіп, соған сәйкес жер-жерде әралуан акциялар өтуде. Бүгін Қордай ауданында орналасқан гвардиялық гарнизон танкистерінің қарттар үйінің тұрғындарын құттықтап барды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Нақты айтқанда гвардиялық гарнизонның танк бригадасының әскери қызметшілері «Қордай аудандық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына» барды. Танкистер концерттік бағдарлама ұсынып, түрлі сыйлықтар ұсынды. Ең бастысы қарт адамдарға өте қажет рухани жылулық әкелді.
Әскери қызметшілер қазақ халық әндерін, сондай-ақ аға буынға таныс танымал композицияларды орындады.
Мерекелік іс-шаралардан басқа, әскери қызметшілер мекеме қызметкерлеріне аумақты абаттандыруға көмектесіп, тазалық жұмыстарын жүргізді. Ауланы көктемгі маусымға дайындады.
Аға ұрпаққа қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіне отырып, еліміздің Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері түрлі қайырымдылық іс-шараларды тұрақты негізде ұйымдастыруға тырысады. Олар балалар үйлері мен жалпы білім беру мекемелеріне, қарттар үйлеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне үнемі көмек көрсетіп отырады.