Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов пен оның орынбасары Дәрмен Сәдуақасовтың ұйымға 3 млрд теңге сұрату үшін спортшыларды Президент Әкімшілігі басшысының орынбасарымен кездесуге алып барған. Еліміздің белгілі шахматшысы Бибісара Асаубаева осындай мәлімдеме жасады.
“Мен үшін бұл – өте ұят жағдай. Сол үшін кешірім сұраймын. Мен – спортшымын. Спортшы болып қалғым келеді. Мен чемпиондардан «қайыршы» жасауға тырысатын адамдардың әрекетінен ұялудамын. Федерация Президенті мен вице-президентін мойындаудан бас тартамын. Қазақстан құрамасының мүшесі, шахматшы және жедел шахматтан қазіргі әлем чемпионы ретінде федерацияға 3 миллиард теңге қажет емес екенін мәлімдеймін. Ол қаражат Жаңа Қазақстанға керек екеніне сенімдімін», – деді шахматшы.
Дереккөз: Ulys.media сайтынан