Жаңалықтар

БҰҰ: Ауғанстанда ашаршылық белең алуы мүмкін

The final spritzer

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік бағдарламасы өкілдері мәлімдеді.

АҚШ халықаралық гуманитарлық көмекті тоқтатқаннан кейін Ауғанстанда ашаршылық күшейуі мүмкін, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Айта кетейік, биылғы жылдың қаңтар айында АҚШ президенті Дональд Трамп федералдық бюджетті үнемдеу мақсатында шетелге гуманитарлық жәрдем көрсетуді үш айға тоқтатты. Сонымен қатар, осы айдың басында АҚШ үкіметі дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасын қаржыландырудан бас тартатынын жариялады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл қадамның Ауғанстандағы жағдайды қиындатып, миллиондаған адамды аштыққа әкеліп соғатынын ескертіп, шешімнің салдары өлім жазасымен тең болатынын хабарлады.

Ауғанстанда азық-түлік тапшылығы әсіресе ауылдық аймақтар мен балалар, әйелдер арасында күрт күшейіп отыр. БҰҰ әлемдік қауымдастықты жағдайға бейжай қарамауға шақырып, көмек көлемін қысқартпауға үндеп отыр.