Бүгін 1 қыркүйек - Білім күні
Бұл күні 4 миллионға жуық оқуға мектепке барса, 360 мың оқушы 1-ші сыныпқа барады
Бүгін Қазақстандағы барлық білім беру ұйымдары өз есігін айқара ашты, деп хабарлайды, Jambylinfo.kz.
Бұл күні 4 миллионға жуық оқуға мектепке барса, 360 мың оқушы 1-ші сыныпқа барады.
Оқу-ағарту министрлігі хабарлауынша, мемлекет білім сапасын арттыру, балалардың білім алуы үшін жайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.
Осы қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған 3,5 мың кеңес беру пункті өз жұмысын бастайды. Колледждерде оқитын 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 50%-ға артты. 1,7 млн оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады.
87 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңа мектептерде қарсы алып жатыр. Жалпы 2024-2025 оқу жылы 536 мың оқушы орнына арналған 302 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Оқу бағдарламасына буллингке қарсы іс-шаралардың бірі – «Қауіпсіздік сабағы» енгізіліп жатыр. Мұның барлығы отандық білімнің сапасын арттыруға, балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталған.