Жаңалықтар

Бүгін ауа-райы құбылмалы болады- Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 25-і күнгі күн райы болжамын жаиялады,- деп хабарлайды jambylinfo.kz

Кәсіпорын таратқан дерктерге қарағанда, бүгін Қазақстан аумағынан бұрынғыша атмосфера фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болып, солтүстікте жаяу бұрқасын соғады. Еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында күн негізінен ашық болады. Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, жылдамдығы скундына 15-20 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Ал еліміздің оңтүстігінде: Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында керісінше күн жылы болады. Ауа температурасы 24-25 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.