Жаңалықтар

Бүгін еліміздің 4 қаласында ауа ластанады

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады

22 шілдеде Қазақстанның 3 қаласында жайысыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астана, Алматы, түнде Атырау, Қостанай қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.