Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады - Қазгидромет
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.
Синоптиктердің хабарлауынша, атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстан территориясында жаңбырлы және желді ауа райын сақтайтын болады.
Осы күні еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, еліміздің солтүстігінде түнде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады. ҚР бойынша найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте дауыл тұрады.