Жаңалықтар

Бүгін футболдан Премьер-лигада 19-тур ойындары басталады

Бүгін футболдан Премьер-лигада 19-тур ойындары басталады

Бүгін, 10 қыркүйекте футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 19-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат . Аталған тур 10 және 11 қыркүйек күндері өтеді. Алдымен 10 қыркүйекте бес ойын болса, 11 қыркүйекте қалған екі кездесу белгіленген. Алғашқы кездесуде - 10 қыркүйекте 16:00-де «Ақжайық» (Орал) пен «Шахтер» (Қарағанды) жасыл алаңға шықса, 18:00-де «Тараз» бен «Ақсу» (Павлодар облысы), «Каспий» (Ақтау) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан) командалары шеберлік байқасады. Одан кейін 20:00-де «Тобыл» (Қостанай облысы) мен «Атырау», «Мақтарал» (Түркістан облысы) мен «Ақтөбе» командалары кездеседі. Ал 11 қыркүйекте 16:00-де «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ордабасы» (Шымкент) ойыны басталса, 20:00-де «Тұран» (Түркістан облысы) мен «Қайрат» (Алматы) жасыл алаңға шығады. Ойындар «Qazsport» және ПФЛК-ТВ арқылы тікелей эфирде көрсетіледі. Қазір турнир кестесінде «Ақтөбе», «Астана», «Тобыл» командалары алғашқы үштікте келеді. Еске салсақ, бұдан бұрын «Мақтаарал» футбол клубына жаңа бас бапкер келді.