Бүгін – Халықаралық спорт журналистері күні
Бұл күн 1995 жылдан бастап аталып өтіледі
2 шілде – Халықаралық спорт журналистері күні болып бекітілуінің өз себебі бар. Өйткені 1924 жылы 2 шілде күні Париж төрінде AIPS (қазақшасы – Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы) құрылған. Биыл AIPS өзінің 100 жылдығын атап өтіп жатыр. деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бүгінде AIPS-тің құрамына әлемдегі 150 аса мемлекеттің спорт журналистері кіреді. Олардың қатарында Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығы (ASPK) да бар.
Қазақ спорт журналистикасының атасы ретінде Сейдахмет Бердіқұлдың есімі аталады. Бүгінде Несіп Жүнісбай, Қыдырбек Рысбек, Нұрғазы Сасаев сынды қаламдары қарымды спорт журналистерінің жолын жалғап келе жатқан жастар баршылық.
Олардың қатарында Ермұхаммед Мәулен, Руслан Меделбек, Бек Тілеуов, Мадина Асылбек, Ақырыс Сейтқазы тағы да басқа спорт журналистерін атап өтуге болады.