Бүгін – мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні
Бұл күн 1992 жылы БҰҰ-ның қарарымен бекітілген
3 желтоқсан - мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 725 мыңнан аса адам мүгедек статусын алған. Оның 26,9%-і зейнет жасында болса, 15,1%-і – балалар. Ал 58%-нің еңбек етуге қабілеті жетеді.
Мемлекет бұл азаматтарды әлеуметтік қолдау мен оларға кешенді көмек көрсетуге басымдық береді.
Биыл олардың жәрдемақысы 7%-ке өсті.
• Бірінші топ мүгедегі ай сайын 95 500;
• Екінші топ мүгедегі 76 400;
• Үшінші топ мүгедегі 52 мың теңге жәрдемақы алады.45edited 10:10