Жаңалықтар

Бүгін – Теміржол қызметкерлері күні

Қазақстанда кәсіби мерекелер күнтізбесі жаңамаңызды датамен толықты.

Елімізде биылдан бастап тамыздың бірінші жексенбісі Теміржол көлігі қызметкерлері күні болып бекітілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Теміржол – ел ішіндегі және халықаралық тасымалдың маңызды бөлігі. Бұл салада мыңдаған маман – машинистер, жолшылар, диспетчерлер мен инженерлер еңбек етеді.

Экономиканың дамуы, өңірлер байланысы мен жолаушылар қауіпсіздігі – теміржолшылардың ерен еңбегінің жемісі.

Барша теміржол қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық тілейміз!