Жаңалықтар

«Бұл өмір таңқалдыруын қоятын емес»: Дариға Бадықова өзін Олжас Абаймен бас қосты дегендерге жауап берді

Актерлар Ыстамбул қаласында бірге жүр

«Таптым-ау сені» комедиясы арқылы көпшіліктің көзайымына айналған Олжас Абай мен Дариға Бадықованың Ыстамбул қаласында бірге жүр. Олардың той көйлегін киіп түскен суреті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Суретте қалыңдықтай аппақ көйлек киген Дариға Бадықова «бұл өмір таңқалдыруын қоятын емес» деп жазып қойған.

Мұны көрген оқырмандардың пікірі екіге жарылды. Бірі - олар «Таптым-ау сені -2» фильмінің саунтрегін жазып жатыр десе, енді бірі – өнер адамдары үйленген деп топшылаған.

Айта кетейік, 1 желтоқсанда «Таптым-ау сені -2» фильмінің тұсаукесері болады. Ал актерлардың жеке өміріне келетін болсақ, Дариға Бадықованың күйеуі актер, олардың 1 қызы бар. Ал Олжас Абай Аймира есімді әнші жұбайымен осыдан бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен. Олардың екі ұлы өсіп келеді.