Жаңалықтар

"2 жыл күттірген жеңіс": Зарина Дияс Түркияда жеңіске жетті

Жерлесіміз Кайсері қаласында өткен халықаралық ITF WORLD TENNIS TOUR W50 турнирінде топ жарды

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады, деп жазады Jambylinfo.kz.

Финалда қазақстандық теннисші Беларусь  спортшысы Алена Фалейге қарсы ойнап, 0:6, 6:4, 6:3 есебімен басым түсті. 

Айта кетейік, Зарина Дияс WTA рейтингісінде 488 орында тұрса, ол жеңген беларусь спортшысы Алена Фалей WTA- да 224 орында тұр. Енді бүгінгі жеңісінен кейін қазақ теннисшісінің көрсеткіші жақсару керек.