Жаңалықтар

БҚО тұрғыны алимент төлемегені үшін бас бостандығынан айырылды

Сот үкімімен Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының тұрғыны алимент төлемегені үшін кінәлі деп танылды

Бәйтерек ауданының тұрғыны алимент төлемегені үшін  кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

"Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы прокуратурасының дәлелдемелері негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес "Балаларды асырауға арналған қаражатты төлеу бойынша міндеттемелерді орындамау, еңбекке жарамсыз ата-анасын, еңбекке жарамсыз жұбайын асырауға арналған қаражатты төлеуден жалтару” бабы бойынша күдіктінің кінәсі дәлелденді. Осылайша, 2021 жылдан бастап борышкердің   2 787 838 теңге мөлшерінде қарызы жинақталған. Әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, бірнеше жыл бойына өз міндеттерін қасақана орындамаған", – делінген хабарламасында.

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Бәйтерек ауданының тұрғыны кінәлі деп танылып, ол 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.