Жаңалықтар

«Бәріне осындай зейнетақы бұйырсын»: министр «ең бай зейнеткерді» мақтады

Жақыпова 743 мың теңге зейнетақы алатын қазақстандықтың жалақысы бұрын қанша болғанын айтпады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елдегі ең бай зейнеткер туралы айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 
Министр бәрінен көп зейнетақы алатын қарияның бұрын қанша теңге жалақы алып келгенін нақтыламады. 


«Ол 1998 жылдан бері айлығы жоғары қызметтерде істеген. Зейнетақы аударымдарын максималды мөлшерде аударып тұрған секілді. Жалақысын конвертпен алмағаны үшін жарады. Әр айлығынан 10 пайыз аударып, осындай зейнетақыға жетті. Бәріңізге осындай зейнетақы тілегім келеді», деді Жақыпова еңбек министрлігінің кеңейтілген алқа отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап беріп. 


Бұған дейін jambylinfo.kz айына 743 мың теңге зейнетақы алатын зейнеткер туралы жазған еді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпаратынша, 2 млн 320 мың зейнеткердің ішінде бір ғана қария ең жоғары зейнетақы алады.