Жаңалықтар

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды

The final spritzer

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

40 жасар Әлібек Қуантыров сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне келді. 

Ол  2022-2024 жылдары аралығында ҚР Ұлттық экономика министрі болған. 

Ал Президент Назира Нұрбаеваны СІМ орынбасары қызметінен босатты.