Жаңалықтар

Бағлан Бекбауов ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Бұл туралы 2025 жылғы 11 қыркүйекте ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті

Бағлан Бекбауов ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол бұл лауазымға 2021 жылдың 10 қарашасында тағайындалған болатын. 

Бағлан Бекбауовтың өмірбаяны:

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/267161-baglan-bekbauov-vice-ministr-qyzmetinen-bosatyldy

2006 ж. – жекеменшік компанияда бағдарламашы

2008–2016 жж. – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ құрылымында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды

2016–2017 жж. – коммерциялық ұйымның техникалық директоры

2017–2020 жж. – ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары

2021 ж. қаңтар–ақпан – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары

2021 ж. – жекеменшік компанияның бас директоры

2021–2025 жж. – ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі