Байқоңырдан Иранның спутнигі ұшырылады

0 74

Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз-2.1б» зымыран-тасығышын спутниктер тобымен ұшыру жұмыстары жүріп жатыр. Спутник 9 тамызында айлақтан ұшырылмақ. Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, «Фрегат» үдеткіш блогы бар «Союз-2.1 б» зымыран тасығышы Иран Ислам Республикасының тапсырысы бойынша «Хайям» Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш аппаратын орбитаға шығаруы тиіс.

Спутник Роскосмос құрамына кіретін кәсіпорындарда жасалған. Сондай-ақ топқа Иранның ЖҚЗ спутнигімен бірге ғарышқа Ресейдің жетекші жоғары оқу орындары, коммерциялық компаниялар мен коммерциялық емес ұйымдар ғылыми және технологиялық зерттеулер үшін құрған 16 шағын ғарыш аппараты – ресейлік шағын спутниктер ұшырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.